Латвия үкіметі отставкаға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Латвия үкіметі отставкаға кетті

Латвия үкіметі отставкаға кетті

Латвия Премьер-министрі Лаймдота Страуюма Латвия үкіметі отставкаға кететіні жөнінде жариялады. Президент Раймонд Вейонис үкімет отставкасын  қабылдады.

  • 7 Желтоқсан 2015
  • 331
Фото - Caravan.kz

Вейонис қиын кезеңдерде үкіметті басқаруға бел буғаны үшін Страуюмаға алғыс айтты. "Техникалық премьер" Страуюманың жұмысы екі жылға созылды. Страуюманың отставкаға кету себебі хабарланбады, деп жазды Би-би-си.

2014 жылы ол басқарған  коалиция парламенттік сайлауда жеңіске жетті. Латвиялық БАҚ хабарлағандай, үкімет пен  премьердің отставкаға кетуі туралы сөздер соңғы бірнеше апта бойы айтылған.