Павлодар облысында жүзге жуық сиыр мен қойды айдап әкеткен барымташылар қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында жүзге жуық сиыр мен қойды айдап әкеткен барымташылар қолға түсті

Павлодар облысында жүзге жуық сиыр мен қойды айдап әкеткен барымташылар қолға түсті

Павлодар облысының полициясы жүзге жуық мал ұрлады деген күдікпен үш азаматты қолға түсірді.

  • 7 Желтоқсан 2015
  • 413
Фото - Caravan.kz


Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қараша айында Павлодар маңындағы Красноармейка ауылында жергілікті тұрғындарға тиесілі 20 бас ірі қара мен 70-тен астам ұсақ жандық ұрланған.
Қолды болған малды іздеу мақсатында арнайы топ құрылып, РФ шекаралас аудандардың ішкі істер органдарына хабар берілді. Полицейлер малдың еті мен терісін сататын жерлерді де мұқият тексерді.
Жүргізілген кешенді шаралар нәтижесінде тәртіп сақшылары ұрылардың ізіне түсіп, 27, 44 пен 60 жастағы үш еркекті қолға түсірді.
Олар малды Павлодар қаласының шетіндегі базада сойып, етті сатып отырған. Тексеру нәтижесінде база аумағынан ұрланған 40 малдың басы табылды.