Д.Ақышев: Ұлттық банк үшін негізгі басым міндет - инфляцияны 4 пайызға дейін төмендету - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Д.Ақышев: Ұлттық банк үшін негізгі басым міндет - инфляцияны 4 пайызға дейін төмендету

Д.Ақышев: Ұлттық банк үшін негізгі басым міндет - инфляцияны 4 пайызға дейін төмендету

Ұлттық банк үшін негізгі  басым  міндет - инфляцияны ортамерзімді аралықта 4 пайызға дейін төмендету. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.

  • 8 Желтоқсан 2015
  • 602
Фото - Caravan.kz

Ол өз сөзінде Елбасының Жолдауда берген тапсырмаларын орындау бойынша Ұлттық банктің шаралары алдағы жоспары Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында көзделгенін атап өтті.

«Алдын ала болжауға болатын және төмен деңгейдегі инфляция, кредиттік және инвестициялық белсенділіктің  өсуіне ықпал етеді. Еліміздегі ақшаның және қаржының тұратылығын айқындайды. Сол себепті инфляцияны  6-8 пайыз шамасында ұстап тұру және ортамерзімді аралықта 4 пайызға дейін төмендету Ұлттық банк үшін негізгі  басым  міндет болады», — деді Д.Ақышев.

Оның атап өтуінше, бұл Ұлттық Банктен де, Үкіметтен де экономикалық реформаларды іске асыру, ақша-кредит саясатын жүргізу барысында  айтарлықтай күш-жігер жұмсауды талап етеді.


«Түпкілікті мақсатымыз  — кредиттік және инвестициялық белсенділіктің өсуі, еліміздегі ақшаның және қаржының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Оған алдын ала болжанатын және төмен инфляция деңгейі ықпал ететіндігі белгілі», — деді ол.