ОҚО-да жер сұрап келген жұрт облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың кабинетіне кіре алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да жер сұрап келген жұрт облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың кабинетіне кіре алмады

ОҚО-да жер сұрап келген жұрт облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың кабинетіне кіре алмады

Оңтүстік Қазақстанда ашуға булыққан жұрт аудан әкімін түтіп жей жаздады. Еліміздегі халқы ең тығыз қоныстанған Сайрам ауданында жер мәселесі 2008 жылдан бері былығып, енді қазір мүлдем шешілместей түйінге айналған. Бір жер телімін бірнеше адамға сатқанды айтпағанда, атқамінерлер бай туыстарына тегін үлестіріп жатыр дейді ашынған тұрғындар.

  • 9 Желтоқсан 2015
  • 308
Фото - Caravan.kz

Уалихан мырза сіз жерді білмейсіз. Білетін болсаңыз ол жер бардак болмайды. Қоқыс ана жақта, трансформаторымызды өзіміз 400 мың теңге ақшаға сатып аламыз.

Сайрамдықтарды әбден мезі еткен жер мәселесін аудан басшыларына айтып шеше алмаған тұрғындар облыс әкіміне кіру үшін Шымкентке келген. Тек кіре берісте өз аудандарының әкімі Уәлихан Қайназаровпен жолығып қалды. Бірден басшысын ортаға алған жұрт айғайға басты. Бәрінің қолында жер иесі екені туралы құжаттары бар. 7-8 жыл бұрын елге сатқан жерлерін 2012 жылы Сайрам әкімдігі өздері қайтадан қайтып алыпты. Осыншама уақыт әділдік таппаған қараша енді әкімнің кетуін талап етіп отыр.  

-4 жыл бойы көрмегенді енді көресіз бе сіз?Бізге сіз сияқты әкім керек емес. Бізге халықты ойлайтын әкім керек.

Бәрін ұстап тұрған өзіңсің. Одан қайта ұятың намысың болса кет жерден. Табаныңды жалтырат. Әшейін кетпеуің керексің. Жазаңды алып кетуің керек.

Сайрам орталығындағы 230 гектар жерді 2006 жылы үлестірген әкімдік тағы екі жылдан кейін сол жерді өзгелерге қайта сатыпты. Былығып кеткен соң 3 жыл бұрын ол жерді мүлдем пайдалануға тыйым салып қойған.

Сәбит Қалықұлұлы, Сайрам ауданының тұрғыны:

-Қолда шешім бар,бірақ жер берілмейді. Мемлекеттік акт  қазір берілмейді. Мысалы менікі 2009 жылы шешімім бар. Соны ала алмай жүрмін. Шешімді ауыл әкімі шығарады. Сосын кейінгі жерде барып береді. Барса екінші, үшінші адам шығады жер менікі деп.

Жер дауын облыс әкіміне айтамыз деп келген 70-тен аста адамның жиырмасын ғана орынбасары қабылдады. Бұл мәселені бір күнде шешу мүмкін еместігін көрген басшы комиссия құрып қана тексеретін болды. Оның қатарына тұрғындардан 5 адам кірмек. Жерді бай-бағландар мен туыстарына үлестіріп жатыр деген шенеуніктер де тексерілмекші. Халық айыптаған әкім де ақ-қараны өзім анықтаймын деп білек сыбанып отыр.


Уәлихан Қайназаров, Сайрам ауданының әкімі:

-Осы қанша ескертіп айтамызда осы жалпы жермен ойнамаңдар. Жермен болмайды деп. Комиссияға қатысы жоқ. Мен өзім тексергім келіп отыр. Былық істегендер  қызметтен кетеді.

Ешкімді де аямаймын деген әкім енді мәселеге май шаммен кірісемін деп уәде берді. Жер дауын шешу үшін екі жыл керек деген Қайназаров тіпті аудандағы бүкіл жерлерді қарап шықпақшы. Ал жер телімі үшін бір ғана Сайрам ауданында 5 мың адам кезекте тұр.