Ақмола облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалды

Ақмола облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалды

8 желтоқсанда сағат 14.10-да Бұланды аудандық электр желісінің Журавлевка ауылындағы электрлік шағын станасының «КРУН 10000 Кв» стансасында қысқа тұйықталу орын алып, салдарынан трансформатор ішіндегі автомат жанып кеткен. 

  • 9 Желтоқсан 2015
  • 442
Фото - Caravan.kz


Оқиғадан Журавлевка ауылында — 711 адам, Воробьевка ауылында — 189 адам, Новодонецкаяда — 390 адам, Ярославка ауылында — 109 адам және Астрахан ауданы Акимовка ауылында 260 адам жарықсыз қалды. 
Журавлевка, Воробьевка, Новодонецкая ауылдарында мектептер мен ауруханалар қазандығы автономдық электр стансаларына қосылды. Ярославка және Астрахан ауданы Акимовка ауылдарында мектептер мен медициналық пункт автономиялық түрде жылытылуда.
Оқиға орнында апаттық және төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері жұмыс істеуде, деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен.