Президент өтіп бара жатқан жылды қорытындылады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент өтіп бара жатқан жылды қорытындылады

Президент өтіп бара жатқан жылды қорытындылады

Қандай қиындықтар болмасын, экономикамыздың оңтайлы өсімі қарқынын сақтадық. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

  • 15 Желтоқсан 2015
  • 506
Фото - Caravan.kz

«Біз екінші жыл қатарынан кезекті жаһандық экономикалық дағдарыс толқындары жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Осы қиындықтарға қарамастан, Тәуелсіздіктің 24 жылы біздің жадымызда Қазақстан үшін айрықша маңыздылыққа ие толғандыратын көптеген оқиғаларды қалдырып отыр. Қандай қиындықтар болмасын, экономикамыздың оңтайлы өсімі қарқынын сақтадық», — деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы индустриялық дамудың екінші бес жылдығы, «Нұрлы жол» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқандығын еске салып өтті.

«2015 жылы 800 млрд. теңге сомада 120 жаңа кәсіпорын құрылып, 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары жасақталды. Сонымен қатар мыңдаған пәтерлер пайдалануға беріліп, оларға жастар, аз қамтылған отбасылар, еліміздің азаматтары қоныстанды»,-деді Елбасы.

Н. Назарбаев Қазақстан ДСҰ-ға аяқ басқанын, ЕАЭО жұмысын бастағанын айта келе, биыл еліміз 50 алдыңғы қатарлы әлемдік экспортшылардың тізіміне еніп, 43-ші орынға жайғасқанын жеткізді.


 «Бүгін маған Қазақстан адамзаттық дамудың әлемдік рейтингінде 15 позицияға жоғары жылжығандығы туралы хабарлады. Бұл — біз үшін үлкен жеңіс», -деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы елімізде мобильді, сауатты әрі жасампаз жастар буыны өсіп келе жатқанын атап өтті.

Бұдан бөлек, Елбасы Қазақстан МАГАТЭ-мен бірлесе Ядролық отынның халықаралық банкін құрып, ол біздің елде орналасқанын, сондай-ақ биыл еліміздің үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов ғарышқа сапарын сәтті жасағанын еске салып өтті.