ОҚО трассасында үш жүк көлігі соқтығысты, жапа шеккендер бар - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО трассасында үш жүк көлігі соқтығысты, жапа шеккендер бар

ОҚО трассасында үш жүк көлігі соқтығысты, жапа шеккендер бар

ОҚО трассасында үш жүк көлігі соқтығысты. Апат Алматы-Термез-Ташкент жолында орын алды, деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінен.

  • 15 Желтоқсан 2015
  • 595
Фото - Caravan.kz

Түнде «Хово» жүк көлігінің жүргізушісі жол жиегінде тұрған «Вольво» жүк көлігіне соғылды.  Қатты соққыдан «Вольво» жақын тұрған жаяу жүргіншіге қарай сырғыды.  Алынған жарақаттар салдарынан 19 жастағы Алматы облысының тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Жаяу жүргіншіні соққан «Вольво» «Ман» жүк көлігіне де соғылды.

26 жастағы «Хово» жүргізушісі соқтығысу салдарынан жарақаттанып, оны Шымкенттегі ауруханаға жеткізді.  Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сот алдындағы тергеу жүргізіліп жатыр.  Бірқатар сараптама тағайындалды.