Алматыда мас күйінде көлік тізгіндеген 46 жүргізуші ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мас күйінде көлік тізгіндеген 46 жүргізуші ұсталды

Алматыда мас күйінде көлік тізгіндеген 46 жүргізуші ұсталды

Алматыда мас күйінде көлік тізгіндеген 46 жүргізуші ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

  • 18 Желтоқсан 2015
  • 445
Фото - Caravan.kz

Қала полициясы 14-17 желтоқсан  аралығында профилактикалық шара өткізді.

"Осы күндері жол-патрульдық полиция қызметі күшейтілді. Шара барысында полицейлер мас күйінде көлік айдаған 46 жүргізушіні, нөмірсіз көлік басқарған 103 жүршізушіні, терезесі көлегейленген 255 көлік жүргізушісін ұстады. Барлығы үш күн ішінде 4092  құқықбұзушы ұсталып əкімшілік жауапкершілікке тартылды", — деді ІІД өкілі Нұрлан Алмасбеков.

Полиция өкілі жол қозғалысы қатысушыларын ереже бұзбауға шақырды.