2016 жылы теміржол билеттерінің бағасы қымбаттамайды - ҚТЖ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2016 жылы теміржол билеттерінің бағасы қымбаттамайды - ҚТЖ

2016 жылы теміржол билеттерінің бағасы қымбаттамайды - ҚТЖ

2016 жылы теміржол билеттерінің бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Берік Қамалиев мәлім етті.

  • 21 Желтоқсан 2015
  • 715
Фото - Caravan.kz


«Жалпы, бүгінде республика ішіндегі əлеуметтік маңызды жолаушылар тасымалы бюджет есебінен сусбидияланады. Тариф өз есебінен шығындарды жаба алмайтынына қарамастан, ТМД елдері арасында «Қазақстан темір жолы» компаниясының тарифтері — ең арзаны. Ең соңғы рет темір жол билетінің бағасы 2014 жылы қымбаттаған болатын. Биыл баға тұрақты болды жəне келесі жылы, яғни, 2016 жылы билет бағасы өспейді», — деп атап өтті вице-президент. 
Оның айтуынша, халықаралық тасымал бойынша да билет бағасы қымбаттамайды. Сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасында 45 пайызға дейін жеңілдік жүйесі күшін жоймайды. 
«Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарының билет бағасын көтеру де көзделіп отырған жоқ», — деп мәлім етті Б.Қамалиев.