ҚР СІМ «Ұлы Дала елі» мультимедиялық қосымшасын әзірледі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ «Ұлы Дала елі» мультимедиялық қосымшасын әзірледі

ҚР СІМ «Ұлы Дала елі» мультимедиялық қосымшасын әзірледі

ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Қазақстан - Ұлы Дала елі» мультимедиялық қосымшасын әзірледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.

  • 23 Желтоқсан 2015
  • 603
Фото - Caravan.kz

«Бұл — Қазақстанды барлық қырынан көрсететін заманауи калейдоскоп. Өте көп суреттер, роликтер, бейнесюжеттер, нақты ақпараттар, біздің тарихымыз, мәдениетміз туралы мәліметтер пайдаланылды», — деді министр.

Оның атап өтуінше, аталған тұғырнаманы телефон, планшет және компьютер арқылы қазақстандықтармен қатар шетелдік азаматтар да пайдалана алады.

«Шетелдегі азаматтарымыз, ол жақта білім алып жатқан студенттеріміз бұл тұғырнаманы әлем біздің ішкі және сыртқы саясатымызды барынша жақсы біле түсуі үшін белсенді пайдаланады деп есептейміз», — деді Е.Ыдырысов.