Грузия премьер-министрі қызметінен кетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузия премьер-министрі қызметінен кетеді

Грузия премьер-министрі қызметінен кетеді

Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили елдің премьер-министрі қызметінен кетуге шешім қабылдағанын мәлімдеді.

  • 24 Желтоқсан 2015
  • 316
Фото - Caravan.kz

«Мен бүгін премьер-министр қызметімен қош айтысуға шешім қабылдадым», — деп мәлімдеді Гарибашвили өзінің арнайы жолдауында.

Грузия конституциясына сәйкес премьер-министрдің отставкаға кетуі немесе өзінің өкілеттігін тоқтатуы үкіметтің басқа мүшелерінің де өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады.

Президент жеті күн мерзім ішінде парламенттік көпшіліктің қолдауымен премьер-министрдің кандидатурасына жаңа үміткерді ұсынады, бұдан кейін үміткер парламентке үкімет құрамын ұсынады.

Парламент жеті күн ішінде қарап, үкіметке сенім білдіру мәселесін дауысқа салады.


Жаңа үкімет сенімге ие болуы үшін депутаттардың көпшілігінің қолдауына сүйенуі тиіс.

Ираклий Гарибашвили Грузия премьер-министрі қызметін 2013 жылға қарашадан бері атқарып келеді, бұған дейін бұл лауазымда Бидзина Иванишвили болған еді.

Гарибашвили премьер лауазымына тағайындалуға дейін Грузия ішкі істер министрі болып қызмет атқарған еді, деп хабарлайды Би-би-си.