Сауда-саттық мәліметтері бойынша, солтүстіктеңіздік маркалы мұнайдың баррелі 38,08 долларға бағаланды. Бұл туралы Rambler News Service осы сауда алаңының мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.
Еске сала кетейік, 21 желтоқсанда Brent бағасы 11 жылғы ең төмен межеге дейін түсіп, баррелі 36,14 долларды құраған еді. Мұнай ОПЕК-тің өндіру квотасын ұлғайту туралы шешімінен кейін арзандап кеткен болатын.