«Абай ауданының аумағында ауа райының нашарлауына байланысты жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды. ТЖ резерв қорының қаражаты есебінен шаралар қабылданады», — деді М. Қатпанов баспасөз мәслихатында.
Ол облыста күрделі жағдай 23 желтоқсаннан бастап қалыптасқанын атап өтті. «30 желтоқсанда да жел күшейіп, бұрқасын болатыны туралы ескерту алдық», — деп қосты ол.
Облыс жолдарында қар құрсауында қалған жүздеген көліктерге көмек көрсетілді. Ведомствоның хабарлауынша, қарға малтыққан көліктер саны мыңға жуық.
«Облыста жол қозғалысының шектелуіне байланысты кептелісте, өткізу пункттерінде тұрған көліктер: 1480 бірлік техника, оның ішінде жүк көлігі — 1303, автобус — 27, жеңіл көлік — 150, оның ішінде Осакаровта — 150, Қарағандыда — 200, Ақсу-Аюлы — 350, Балқашта — 700 және «Спасск» аумағында — 180», — деп нақтылады М. Қатпанов.