Флэшмобқа қатысқан еліміздегі жетекші орталықтың дәрігерлері шыршаны медицинада пайдаланатын заттардан жасаған. Негізінен резеңке қолғап, бинт, мақта, шприц пайдаланылыпты. Жаңа жылдың басты символы жиналғандардың таңдайын қақтырды. Ал мешінді кәдімгі аяққа орайтын бахиладан құрағаны тіпті қызық. Шыршаны тіпті торт ретінде безендіргендер де табылған. Осылайша, өздеріне де, науқастарға ұмытылмастай көңіл көй сыйлаған дәрігерлер жаңа жылды думандатып қарсы алып жатыр.