Астанада тағы бір құрылыс компаниясының басшысына іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада тағы бір құрылыс компаниясының басшысына іздеу жарияланды

Астанада тағы бір құрылыс компаниясының басшысына іздеу жарияланды

Астанада адамдардың ақшасын жеп қашып кеткен астаналық тағы бір құрылыс компаниясының басшысына  іздеу жарияланды.

  • 30 Желтоқсан 2015
  • 157
Фото - Caravan.kz

Медет Бектеміров есімді кәсіпкер «Квартиры НС», «Компания МС-7», «Шанырақ» деп аталатын құрылыс компанияларын құрып, 3 тұрғын-үй кешенін салуға уәде еткен. Тіпті аңғал адамдардың сеніміне кіріп миллиондап ақшасын жинап алған. Алайда, жарнамасы жер жарған  баспананың іргетасы да қаланбаған боп шықты. Айта кетсек, қазір жұрттың 30 миллиард теңгесін қалтаға басқан «Азбука жильяның» құрылтайшысы экс-депутат Ерқанат Тайжанов Австрияда жасырынып жүр. Ал «пәтер салып береміз» деп халықты тақырға отырғызған ондаған бизнесмен қамауда отыр. Осы кезге дейін Астанада 48 тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылған.