Павлодар облысында қатты желден бірқатар нысандардың шатыры ұшып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында қатты желден бірқатар нысандардың шатыры ұшып кетті

Павлодар облысында қатты желден бірқатар нысандардың шатыры ұшып кетті

Павлодар облысында қатты желдің салдарынан бірқатар нысандардың шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

  • 30 Желтоқсан 2015
  • 325
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Марал Сағынова хабарлады.

«Май ауданы Саты ауылында қос қабатты мәдениет үйінің 665,7 шаршы метр шатырын жел ұшырған. Сондай-ақ Ақсу қаласы Қалқаман ауылдық аймағының Ақжол ауылында орта мектептің 370 шаршы метр шатырын жұлып әкеткен. Аталмыш білім беру мекемесі 1980 жылы салынған және 2009 жылы төбеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Зардап шеккендер тіркелген жоқ», — дейді М. Сағынова. 
Бұдан басқа, Екібастұз қаласында №7 мектеп пен «Нарық» базарының, Баянауыл ауданының Ұзыбұлақ ауылдық аймағында қос қабатты мектептің шатыры табиғаттың тосын мінезіне төтеп бере алмаған. Қазіргі таңда оқиға орнында келтірілген шығынды анықтау мақсатында арнайы комиссия жұмыс істеуде.