Назарбаев Университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілді

Назарбаев Университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілді

ҚР Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның Даму бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына қол қойды. ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

  • 30 Желтоқсан 2015
  • 359
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 

2015 жылғы 24 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі №1051 

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның Даму бағдарламасын бекіту туралы

«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымына зерттеу университеті мәртебесі берілсін.
2. Қоса беріліп отырған «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы зерттеу университетінің 2016 — 2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 
  К. МӘСІМОВ