Жараланғандардың саны 40-тан асады. Оқиға елдің солтүстік-батысындағы Мардан қаласында болып отыр. Бомба Ұлттық мәліметтер және тіркеу базасы агенттігінің кеңсесі алдында жарылған. Жарылғыш құрылғыны ғимарат алдына мотоциклмен келген жанкешті іске қосыпты. Жергілікті билік құрбандар саны әлі де артуы мүмкін деп қауіптенеді. Өйткені жапа шеккендердің көбісінің жағдайы өте ауыр.