Өзбекстандық шекарашылар қырғыз контрабандашыларын жарақаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстандық шекарашылар қырғыз контрабандашыларын жарақаттады

Өзбекстандық шекарашылар қырғыз контрабандашыларын жарақаттады

Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, Баткен облысы Баткен ауданының «11 гектар»  жеріндегі мемлекеттік шекараның қырғыз-өзбек учаскесінде Өзбекстан әскери қызметкерлері мен Қырғызстан азаматтары арасында келеңсіз оқиға орын алды.

  • 30 Желтоқсан 2015
  • 399
Фото - Caravan.kz

Алдын ала деректерге қарағанда, Қырғызстан азаматтары өткізу бекетінен тыс жерден Өзбекстаннан Қырғызстанға контрабандалық жүк өткізбек болған. Олар өзбекстандық шекарашылардың тоқтау талабына көнбеді.

Өзбекстандық шекарашылардың қаруды пайдалануы салдарынан  екі қырғызстандық жарақат алды.

Қырғызстан азаматтары облыстық ауруханаға жатқызылды. Жағдайдың мән-жайын білу үшін қырғыздық тарап Қырғызстан мен Өзбекстанның шекара қызметі өкілдерінің кездесуі өткізіледі.