Мыңдаған көлік жүргізушілері жаңа жылды жолда қарсы алуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мыңдаған көлік жүргізушілері жаңа жылды жолда қарсы алуы мүмкін

Мыңдаған көлік жүргізушілері жаңа жылды жолда қарсы алуы мүмкін

Қаһарына мінген қыс мықтап қысқан еліміздің бірнеше ауданында төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі уақытта бұрқасын мен көктайғақтың кесірінен республика бойынша мыңнан астам көлік жолда тұр. Бірнеше күннен бері белуардан келетін қар мен бораннан көз ашпай жатқан Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстары.

  • 31 Желтоқсан 2015
  • 247
Фото - Caravan.kz

Әсіресе Өскемен маңындағы Зырьян қаласында жағдай қиын. Мұнда толассыз жауға қар кісі бойынан асып кеткен. Жұмысқа асыққан жүргізушілер тіпті есік алдында қар басқан көліктерін таппай қалды. Оның үстіне боран салдарынан қалада қозғалыс қиындап, қоғамдық көлік жүрісін тоқтатты. Халық діттеген жерлеріне жаяулап- жалпылап жеткен. Шаһардан Быково ауылына апаратын жол қардан жаңа ғана аршылып, тұрғындарға азық- түлік тасылып жатыр. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Қарағандының 4 бірдей ауданы – Бұқар жырау, Шет, Абай, Осакаровта да төтенше жағдай жарияланып отыр. Қазір ел бойынша жүздеген техника қар күреуге жұмылдырылыпты. Төтеншеліктер бұл жұмысқа кәсіпкерлерді де тартқан.  

Бауыржан Жүрекбаев, ШҚО ТЖД қызметкері:

-Төтенше жағдай қызметкерлерімен қар тазарту кезінде мекемелерге КСК  хаттар жолданды. Осы қарды шығарып,  тез арада жолды ашуға,  сондай жұмыстарды  жүргізіп жатыр.