Көкшетауда электр бағаны екі көлікті басып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда электр бағаны екі көлікті басып қалды

Көкшетауда электр бағаны екі көлікті басып қалды

Көкшетауда «Шевролет авео» жеңіл көлігі Әуелбеков және Ғабдуллин көшелерінің қилысар тұсында электр бағанына соғылды. Бұл туралы оқиға орнынан «ҚазАқпарат» тілшісі хабарлайды.

  • 5 Қаңтар 2016
  • 375
Фото - Caravan.kz


Әуелбеков көшесінің бойымен жүріп келе жатқан «Шевролет авео» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай Ғабдуллин көшесімен қилысар тұста жолдан шығып кетіп, электр бағанына соғылды. Қатты соққыдан түбі опырылып құлаған электр бағаны «Шевролет авео» мен оның жанынан өтіп бара жатқан «Лексус» көлігін басып қалды. Соның салдарынан аталған көшелердің қилысында көлік қозғалысына біраз кедергі келтірілді.
nullnull