Жаңа туылған нәрестелер саны жағынан бірінші орында Алматы қаласы тұр. Мұнда жылдың ең соңғы күні 83 бала дүние есігін ашты. Одан кейінгі орындарда тұрған Маңғыстау облысында — 51, Шығыс Қазақстан облысында — 43, Алматы облысында — 39, Жамбыл облысында — 36, Оңтүстік Қазақстан облысында — 28, Астана қаласында — 27 бала дүниеге келді.
Айта кету керек, Қазақстанда 2014 жылдың 31 желтоқсанында 820 сәби дүниеге келген.