15 келі марихуанамен ұсталған Тараз тұрғыны 11 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
15 келі марихуанамен ұсталған Тараз тұрғыны 11 жылға сотталды

15 келі марихуанамен ұсталған Тараз тұрғыны 11 жылға сотталды

Атырау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі көлемдегі есірткілік заттарды заңсыз сақтап, сату мақсатында тасымалдаған ер адамды айыпты деп таныды.

  • 5 Қаңтар 2016
  • 408
Фото - Caravan.kz

ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен ақпараттандырғандай, Тараз қаласының тұрғыны өзінің Subaru Forester көлігімен Атырау қаласына жалпы салмағы 15 келіге жуық есірткілік зат — марихуананы тасымалдаған. Оны Атырау қаласында полиция қызметкерлері ұстады.

Сот үкімі бойынша сотталушы ҚР ҚК-нің 297-бабының  3-бөлімінің 3-тармақшасымен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.