Бірнеше облыста нан мен жолақы құны қымбаттап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірнеше облыста нан мен жолақы құны қымбаттап кетті

Бірнеше облыста нан мен жолақы құны қымбаттап кетті

Жаңа жылдан бастап еліміздің кей өңірлерінде жолақы мен нан бағасы өсіп жатыр. Мәселен, Таразда ас атасының құны 5 теңгеге көтерілсе, Атырауда тіпті қымбат. Мұнда нан бірден 15 теңгеге өсіп, қазір 60 теңгеден сатылуда. Ал, облыстың кей аудандарында нөмірі бірінші тағамның құны жаңа жылға дейін-ақ 80-90 теңгеге жеткен болатын.

  • 6 Қаңтар 2016
  • 334
Фото - Caravan.kz

Осы уақытқа дейін 50-ден сатылып келген әлеуметтік нанның құны қазір Таразда 55 теңге. Атыраудағы жағдай тіпті өзгеше. Мұнда нан бағасы 45-тен 60 теңгеге бір-ақ көтерілді. Наубайшылардың айтуынша, ұнды көршілес Оралдан тасымалдау үшін кететін шығын көлемінің артуы және коммуналдық қызмет құнының өсуі бағаны көтеруге себеп болған. Нан бағасынан өзге мұнда жолақы да 1-ші қаңтардан бастап қымбаттап шыға келді. Қала ішілік автобустардағы жолақы 50-ден 80 теңгеге дейін көтерілді. Және қала сыртына қатынайтын қоғамдық көліктерде жүру құнына да 20 теңге қосылды.

Айгүл Юсупова, Атырау қаласының тұрғыны:

50 теңге беріп тұрсам, 80 теңге деп жатыр. Енді 80 теңге өте қиын.