Бұл алаулап жанып жатқан Екібастұздың жаңа жыл шыршасы. Адамдар отшашуды аспанға емес, соған қарата атқан екен. Салдарынан мерекенің сәні Аяз ата, Ақшақардың мүсіндерімен қоса өртеніп кетті. Алматылық басты шыршаның да ғұмыры қысқа болды. Тұңғыш Президент саябағында орнатылған ол таңғы алтыларда ойыншықтарымен қоса отқа оранды. Осылайша, қалалық бюджеттен бөлінген қыруар қаржы әп-сәтте күлге айналды. Сондай-ақ, отшашумен ойнаған жүзден аса адам бас-көзін жаралап ауруханаға түскен.
Ислам Ыдырысов, Алматы қаласының тұрғыны:
-Бомба «чупа чупс» қолымда жарылды. Қолыма алдым оны. Зажигалканы жағып жібердім.. Одан кейін көзіме кірді.