Владислав отбасындағы үш баланың кенжесі екен. Әке-шешесінің айтуынша, ол сол күні әжесінің үйіне баруы керек болған. Соңғы рет оны қаладағы кинотеатрдың алдынан көрдік дегендер бар. Туыстары аяқтарынан таусылып бір күн іздеп таппаған соң, полицияға хабар беріпті. 8 күннен бері жеткіншекті полиция, төтенше жағдайлар қызметі, әскерилер тіпті еріктілер де іздестіріп жатыр. Бірақ көрдім, білдім деген пенде жоқ. Амалы таусылған ата-ана елдің көмегіне зәру.
Сергей Китаев, В.Шеллердің әкесі :
-Естіген елдің бәрі тынбай іздеп жатыр, бірақ нәтиже жоқ. Тұрғындар аулаларын, үйлерінің жертөлелерін қарап шықса деген тілек бар. Саяжайлары барлар да қырағылық танытып, айналасына мұқият болса екен.