Баспана ішінен 4-уі де іле-шала сыртқа шығарылыпты. Бірақ, күйік шалған 58 жастағы үй иесі мен оның 39 жастағы ұлы және қонаққа келген азамат тіл тартпастан көз жұмған. Ал иіс тиіп уланған 29 жастағы кіші ұлын өрт сөндірушілер аман алып қалды. Негізі өрт үй ішіндегі төсек-орын мен ағаш жабындылардан бастау алған екен. Мамандар осыған байланысты олардың ішімдік ішіп, темекіні тұқылын өшірмей тастаулары себеп болуы мүмкін деген болжам айтты.