Қазгидрометтің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарында кей жерлерінде тұман күтіледі, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысында тұман, бұрқасын күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде — жаяу бұрқасын.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде — тұман.
Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.