Солтүстік Кореяда қатты жер сілкінісі тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Кореяда қатты жер сілкінісі тіркелді

Көршілес Оңтүстік Корея мен Жапония бұл зілзаланың табиғи сипатта болғанына күмән келтіруде. АҚШ, ресми Сеул мен Жапония Ким Чен Ын бастаған биліктің ядролық сынақ өткізген болуы мүмкін екендігін мәлімдеуде, деп хабарлайды «Ренхап». Себебі жойқын зілзала Астана уақытымен сағат 07:30 шамасында Пхунгери ядролық полигоны аймағында болған. АҚШ сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің күші 5,1 балды құраған. Бірақ, осыған қарамастан, оның кіндігі тек 1 шақырым ғана тереңдікте болған. Сол себепті зілзала табиғи емес, ядролық сынақтың салдарынан болған болуы мүмкін.

  • 6 Қаңтар 2016
  • 489
Фото - Caravan.kz