KASE-тің күндізгі сессиясы: 1 доллар құны 345 теңге 49 тиын - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE-тің күндізгі сессиясы: 1 доллар құны 345 теңге 49 тиын

KASE-тің күндізгі сессиясы: 1 доллар құны 345 теңге 49 тиын

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды Қор биржасының баспасөз қызметі.

  • 6 Қаңтар 2016
  • 632
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, бүгін биржада қаржы құралының сауда-саттығы, Ресей Федерациясында 01-10 қаңтар мерекелік күндер болуына байланысты, өткізілген жоқ.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша: — есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 345,49 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 39 500 мың АҚШ доллары;
— есептесуі T+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
— есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-
саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; 
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 345,01 теңгені
(+1,87) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі — 97 700 мың USD (-36 600 мың). 
Валюталық своп операциялары нарығында: — USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +1,4800 теңгені (жылдық 
(79,34 %, сауда-саттық көлемі 637 000 мың USD құрады;
— USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
— EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға 
белгілеулер тіркелген жоқ. Сауда-саттыққа 21 банк қатысты.