Ақтөбеде қаңғыбастар қақаған қыста киімсіз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде қаңғыбастар қақаған қыста  киімсіз қалды

Ақтөбеде қаңғыбастар қақаған қыста киімсіз қалды

Ақтөбедегі бейімдеу орталығының басшылығы қаңғыбастарға киім тауып бере алмай отыр. Себебі бұл жерге келген кезбелердің үстіндегі кір-қоңын түгін қалдырмай шешіп алып, санитарлық талапқа байланысты өртейді. Ал жалаңаш қалған қаңғыбастарды киіммен жарылқау мемлекет тарапынан қарастырылмаған. Сондықтан орталық қызметкерлері ескі-құсқыларын өз үйлерінен тасуға мәжбүр.

  • 7 Қаңтар 2016
  • 223
Фото - Caravan.kz

Аяз түсісімен Ақтөбедегі бұл орталыққа қаңғыбастар ағылады. 60 адамға шақталған жерге оларды сыйғызғанымен, киім тауып беру қызметкерлер үшін қиынға соғып отыр. Себебі орталық табалдырығын аттаған кезбе үстіндегінің түгін қалдырмай шешуі тиіс. Жамбасы тиген жерге жатып, қолымен қоқыс қопаратын олардың түрлі жұқпалы ауруды әкелуі мүмкін. Сондықтан кір-қоңы өртеледі.

Жетпістен асқан Ольга Кришневская қыс түскелі бері далаға шықпапты. Себебі үстіне ілер күртеше мен етігі жоқ. Ал аяғындағы тесік галош пен жеңсіз көйлегін орталықтың мейірбикесі берген.

Ольга Кришневская:

— Галошыммен жүрмін. Аяқ киім жоқ. Етік керек маған. Күн боранда галошыммен кім жүреді қазір?

Орталық қызметкерлері үйлеріндегі ескі-құсқыларын осында тасып тауысқандарын айтады. Себебі қаңғыбастарды киіммен жарылқауды мемлекет биыл мойнына алмаған.

Қайрат Жұмағалиев, Ақтөбе қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкері:

-Үйден әкелетін қызметкерлер бар. Үйден әкеп өздерінің керек емес киімдерін, таза киімдерін әкеліп беріп отырамыз. Негізінен қысқы жылы киімдер, аяқ киім, осы қысқы уақытқа сондай жылы киімдерге мұқтажбыз.

Бейімдеу орталығындағылар қоғамдық ұйымдар мен демеушілерге киім сұрап талай хабарласыпты. Бірақ көбісі уәде еткенімен кейін хабарсыз кетеді екен. Қазір тұрғындардан да көмек сұрауға көшкен. Өйткені қалған-құтқан киім-кешектерін қоқысқа тастамай, орталыққа әкелсе кәдеге жаратар едік дейді.