Ғарышкер Айымбетов жаңа қызметіне қызу кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғарышкер Айымбетов жаңа қызметіне қызу кірісті

Ғарышкер Айымбетов жаңа қызметіне қызу кірісті

Есілдің сол жағалауынан жайлы орынтақ бұйырған Айдын Айымбетов қызметіне қызу кірісті. Қазақтың үшінші космонавтының  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясына вице-президент болып тағайындалғаны сол екен, бірнеше жиналыс өткізіп іске білек түре дереу  араласып кетті.

  • 7 Қаңтар 2016
  • 209
Фото - Caravan.kz

Жайлы қызмет тапқан Айымбетов ұлттық компанияда ғарыш жүйелерін құру, спутник пен жаңа технологияларды енгізу шаруаларына жауапты болмақ. Космосқа ұшып келген соң 4 ай ел аралап, сый-сыяпаттың астында қалған оған «Халық қаһарманы» атағы да берілген. Десек те, аспанды бағындырып, жерде жұлдызы жанған жалғыз ол емес. Мәселен, әйгілі Тоқтар Әубәкіров ғарыштан оралысымен 1992 жылы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасарлығына тағайындалған еді. Ал екінші ғарышкер Талғат Мұсабаев атақтан да лауазымнан да кенде емес. Қазір атышулы генерал Аэроғарыш комитетін басқарып отыр.