«Дакар» марафоны қыза түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Дакар» марафоны қыза түсті

«Дакар» марафоны қыза түсті

Қазақстандық экипаждар «Дакар» автомарафонындағы жоғарғы орындарын сақтап келеді. Алғашқы 4 кезеңін артқа тастаған отандық жүк көлігі командасы 20-шы орыннан түскен жоқ.

  • 8 Қаңтар 2016
  • 155
Фото - Caravan.kz

Ал жол талғамайтын көліктер додасында біздің спортшылар әзірге 35-ші орында. Сары даланы дүбірлеткен автожарыстың енді қызғанын ескерсек, бұл жаман көрсеткіш емес. Қазірдің өзінде автобәйге қатысушылары 630 шақырымды жүріп өткен. Оның 430 шақырымы – таулы аймақ. Аптап ыстықта шөл даланы шаңытып құйғытқан «шабандоздар» жолай бұзылған көліктерін де өздері жөндеуге мәжбүр. Әуелгі төрт кезеңнің жалпы қорытындысы бойынша француздар сол күйі ешкімге дес берер емес. Ал бүгін автошабандоздар бесінші кезеңнің жарыс жолына шықпақ.   

Игнат Фальков, «Astana Motorsports» командасының мүшесі:

Кеше жаңбыр құйып еді, бүгін күн шығып, жақсы болып тұр. Алда – таулы аймақ. Ал біз таудан қорықпаймыз. Алматыданбыз ғой…