Тараздық екі тентек 8 мың теңге үшін 10 жылға түрмеге жабылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараздық екі тентек 8 мың теңге үшін 10 жылға түрмеге жабылуы мүмкін

Тараздық екі тентек 8 мың теңге үшін 10 жылға түрмеге жабылуы мүмкін

Арзымайтын ақшаға бола басын бәйгеге тіккен 20 және 30 жастағы жігіттер дүкен тонап ұсталып қалған.  

  • 8 Қаңтар 2016
  • 319
Фото - Caravan.kz

Сауда орнына баса көктеп кірген қарақшылар сатушының шекесіне шолақ мылтықты тақап қорқытыпты. Қатты шошып қалған келіншек кассадағы қаржыны тиынына дейін қалдырмай сұғанақтардың қолына ұстата салған. Бар болғаны сегіз мың теңге мен бірнеше қорап темекі үшін осындай «шоу» жасаған бұзақылар олжасын алып тайып тұрған. Алайда сатушы үстел астындағы ескерту тетігін басып, тәртіп сақшыларына хабар беріп қойса керек. Баукеспелер ізі суымай жақын маңдағы көпқабатты үйдегі бір пәтерде қолға түсті.