Жайық өзеніне «УАЗ» автокөлігі батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жайық өзеніне «УАЗ» автокөлігі батып кетті

Жайық өзеніне «УАЗ» автокөлігі батып кетті

Кеше сағат 19.30 шамасында Ақжайық ауданының Ақсуат ауылы тұсынан Жайыққа түскен «УАЗ» автокөлігі  мұз ойылып кетіп, өзен түбіне батып кеткен.

  • 8 Қаңтар 2016
  • 345
Фото - Caravan.kz

Абырой болғанда, көлікті жүргізіп келе жатқан Қарауылтөбе ауылының кәсіпкері терезеден шығып үлгерген. Ол өзеннің келесі бетіндегі Қарауылтөбе ауылына өтіп, сондағы бір мекемеге заттарды автокөлігімен жеткізбекші болған.

БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағы бөлімінің басшысы Марат Қабақаевтың айтуынша, бүгін Оралдан сүңгуірлер келіп, көлікті мұз астынан шығарып алмақшы.

Айта кетейік, қазіргі таңда өңір өзендерінде мұз жұқа, автокөлікті көтере бермейді.