Қазақстанда жолдардағы қар құрсауынан 478 адам құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жолдардағы қар құрсауынан 478 адам құтқарылды

Қазақстанда жолдардағы қар құрсауынан 478 адам құтқарылды

Құтқарушылар 2015 жылдың 1 желтоқсаны мен 2016 жылдың 7 қаңтары аралығында автожолдарда қар құрсауында қалған 478 адамды құтқарды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

  • 8 Қаңтар 2016
  • 563
Фото - Caravan.kz

«Барлық мереке күндері құтқарушылар жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен, жол қызметтерімен, ішкі істер департаменттерімен бірлесе отырып,  еліміздің аумағындағы жолдарда жұмыс істеді. 1 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында еліміз бойынша құтқарылған адамдар саны 478-ге жетті, сондай-ақ қар құрсауынан 988 техника шығарылып, 3019 адам қауіпсіз жерге көшірілді», — деді ресми өкіл.

Р. Иманқұловтың айтуынша, қыс кезінде адамдарды құтқару шараларына 600-ден астам құтқарушы мен 350 техника жұмылдырылды.