Жамбыл облысының полициясы жаңадан туылған сәбиін жол бойындағы дәретханаға тастап кеткен келіншекті іздеп жатыр.
Қыз бала Батыс-Еуропа-Батыс Қытай жолының 376-шы шақырымындағы шұңқырдан табылған, Абай селосына жақын жер, көргендер полицияға хабар берген, делінген жұмада облыстық ішкі істер департаментінен таралған ақпаратта.
Полция құтқарушыларды шақыртты, олар жалаңаш сәбиді бетон шұңқырдан алып шығып, дәрігерлерге берді. Қазіргі уақытта сәби аудандық аурухананың балалар бөлімшесінде жатыр.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, қылмысқа дайындалу және ананың жаңадан туылған сәбиін өлтірмек болғандығы.
Жамбыл облысының полициясы қылмыскер ананы іздеу үшін ауқымды жұмыс жүргізіп отыр, трассамен осы күні жүрген барлық көліктер тексерілуде.
Жақын аудандардан 2015 жылдың желтоқсаны мен 2016 жылдың қаңтар айларында босануға тиіс әйелдердің тізімдері алынды, көмек сұрап келсе, хабар берсін деп медициналық және дәріханалық мекемелер ескертілген.
Бұл жол халықаралық мәні бар жол болғандықтан ,мұнда көлік көп жүреді, бұл да босанған келіншекті іздеу жағын қиындатып отыр, делінген хабарламада.