Оралда өрттен бір әйел қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда өрттен бір әйел қаза тапты

Оралда өрттен бір әйел қаза тапты

Бүгін Линдовская көшесіндегі 7 үйдегі өрт жөніндегі хабар сағат 11.39-да келіп түскен.

  • 8 Қаңтар 2016
  • 499
Фото - Caravan.kz

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жеке үйдегі өрт орнынан 1962 жылғы әйел адамның денесі табылды. Жалпы аумағы 70 шаршы метрді қамтыған өртті сөндіруге үш техника қатысты.

Айта кетейік, бұл — биылғы алғашқы қайғылы оқиға. Өткен жылы тұрғын үйдегі өрт салдарынан 10 адам көз жұмды.