911 пунктінен айырылған индекс, 1897 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.
FactSet компаниясының мәліметтерінше, жыл басындағы төрткүндік құлдырау тарихтағы ең төменгі көрсеткіш болып отыр. Nasdaq индексі 6 пайызға төмендеп, 2000 жылдан бергі соңғы 16 жылдағы ең нашар деңгейді көрсетті. «Инвесторлар биылғы жылды алаңдаушылықпен қарсы алды», — дейді АҚШ-тың қаржы нарығының төмендеуіне қатысты түсініктеме берген Yardeni Research инвестициялық-кеңес беру фирмасының басшысы Эд Ярдени.
Американың қор нарығының құлдырауына Қытайдағы қор нарығының төмендеуі және юаньнің девальвациясы себепші болды. Сондай-ақ нарық ойыншыларының дүрлігуіне мұнайдың әлемдік бағамының соңғы 12 жылдан бергі рекордтық деңгейде төмендегені де әсер етті.