«2016 жылдың 11-ші қаңтарынан бастап, қоғамдық көліктерде қолма-қол ақша айналымы тоқтатылады. Жол ақысы тек қана «ОҢАЙ» карталары арқылы жүзеге асырылатын болады», — делінген хабарламада.
Еске сала кетелік, «ОҢАЙ» картасының төрт түрі бар. Олар: 50 пайыздық жеңілдік беретін «Оқушы картасы», «Студент картасы», «Әлеуметтік көлік картасы» және Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне арналған карта. Бұл карта бойынша қоғамдық көліктерде жүру тегін.