Ливияда лаңкестіктен жүзге тарта адам опат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ливияда лаңкестіктен  жүзге тарта адам опат болды

Ливияда лаңкестіктен жүзге тарта адам опат болды

Ливиядағы екі бірдей лаңкестік оқиғадан жүзге тарта адам опат болды. Қаскөйлер елдің ірі мұнай порттарының бірі Рас-Лануф қаласында бомба толы көлікті жарып, он тұрғын көз жұмды. Тағы қырық шақтысы жарақат алды. Қастандық соңы қара алтын қойманда алапат өртке ұласқан.

  • 9 Қаңтар 2016
  • 246
Фото - Caravan.kz

Ал елдің батысындағы тыныштықты полиция академиясындағы жарылыс бұзды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 70 адам опат болып, екі жүзден астамы жаралған. Бұл кезде де көлікке тиелген бомба іске қосылыпты. Осы қайғылы оқиғаларға орай елде 3 күнге қаралы күн жарияланды. Айта кетсек, Муаммар Каддафи тақтан тайдырылғалы осы елдегі ең ірі лаңкестік шабуылдарды «Ислам мемлекеті» ұйымының содырлары өз мойнына алып отыр.