Алматыда бірнеше көшені ыстық су басты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бірнеше көшені ыстық су басты

Алматыда бірнеше көшені ыстық су басты

Алматыда да жылу құбыры жарылып, бірнеше көшені ыстық су басты. Оқыс оқиға қаланың элиталық аудандарының бірінде болды.

  • 9 Қаңтар 2016
  • 169
Фото - Caravan.kz

Жарылған жылу құбырының кесірінен жақын маңның бәрі ыстық буға оранды. Ал осы магистральге қарасты 7 нысан жылусыз қалды. Олардың біреуі тұрғын үй, қалғандары әкімшілік ғимараттар. Апатқа құбырдың ескіруі себеп дейді жауапты мамандар. Мұндағы жылу магистральдары 23 жыл бұрын пайдалануға беріліп, содан бері ешбір жөндеу көрмеген екен. Қазір апат салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.