Басылым Детройтта тұратын 55 жастағы сириялық Мемлекет басшысының жолдауы кезінде елдің бірінші ханымы Мишель Обамамен қатар отырады, деп атап өтеді. Хамо азамат соғысы шарпыған Сириядан 2013 жылы олардың үйінде бомба түсіп, отбасынан айрылғаннан кейін кетті. Ғалым әуелі Түркияға аттанды, ал өткен жылы АҚШ билігі оған босқын мәртебесін бергеннен кейін Детройтқа келді.
USA Today осылайша Обама сириялық босқындарды қабылдауға үзілді-кесілді қарсылық білдіріп отырған АҚШ конгресіндегі көпшілік дауысқа ие республикандықтарға қарсылығын білдіруде. Мәселен, бұдан бұрын Алабама және Техас биліктері осы щтаттардың аумағына босқындарды одан әрі орналастыруды тоқтату мақсатында федералдық үкіметке талап-шағым берген болатын. Өткен жылғы 13 қарашада Парижде лаңкестік акті жасалып, 130 адам оның құрбаны болуы «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының содырлары босқындармен бірге елге келуі мүмкін деген қауіп білдіруде.
Елдің 30-дан астам штатының билігі қоныстанушыларды өз аумақтарында орыналастырудан бас тартатынын мәлімдеді. Өткен жылдың қыркүйек айында Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Джошуа Эрнест АҚШ 2016 жылы кеміңнде 10 мыңға тарта сириялық босқындарды қабылдауды жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын. Сириядағы қарулы қақтығыстар басталғалы АҚШ 1,5 мыңға жуық осы елдің босқындарын орналастырды.
Американдық президенттер жыл сайынғы жолдауларында елдегі жағдайға өзінің пайымдауларын баяндайды, ішкі және сыртқы саясаттың басымдықты бағыттарын белгілейді. Сөйленетін сөздің негізгі бөлігі дәстүрлі түрде экономикалық жағдайға арналады. Президент жолдауын Конгрестің қос палатасының бірлескен отырысында Жоғарғы сот судьяларының, Штаб бастықтарының біріккен комитетінің мүшелері мен Кабинет мүшелерінің қатысуымен жариялайды. Әдетте сөйленетін сөз бір сағаттан аспайды.