Теміртауда алаяқтық жасады деген күдікпен депутат ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда алаяқтық жасады деген күдікпен депутат ұсталды

Теміртауда алаяқтық жасады деген күдікпен депутат ұсталды

Қарағанды облысы Теміртау қаласында қалалық мәслихат депутаты Кеңесхан Басқарбаев алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметі.

  • 11 Қаңтар 2016
  • 592
Фото - Caravan.kz

Полиция ақпаратына сәйкес, күдіктілер — Теміртау қалалық мәслихатының депутаты К. Басқарбаев пен 33 жастағы қала тұрғыны. «Олар Теміртау қаласының тұрғынының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, Украинада Житомирский облысындағы пәтерге бас сенімхатқа қол қоюға мәжбүрлеп, үйдің құжаттарын және кейіннен қайта ресімдеу жолымен «ВАЗ 21214 Нива» көлігін алып қойған», — делінген хабарламада.

Бірқатар жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында Теміртауда осы қылмысқа қатысқан 33 жастағы ер адам ұсталды. Одан марихуана, жәбірленуші пәтерінің кілті және оған тиесілі көліктің кілті тәркіленді. Сондай-ақ К. Басқарбаев ұсталды, одан жәбірленушіге тиесілі Украинадағы үйдің құжаттары тәркіленген.

«Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 194-бабы бойынша сот алды тергеу жүргізілуде. Ұсталғандар УҰИ-ға қамалды», — деді облыстың ІІД баспасөз қызметінен.