«Біздің азаматтарымыздың Шенген визасынан босатылуын қамтамасыз ету бойынша Еуропалық одақпен келіссөздер жалғасуда. Үшінші елдерге қатысты біздің визалық саясатымызды ЕО-мен толықтай теңестіру міндетті болып саналады. Біз ЕО-ға Түркияның толық құқылы мүшелігін орындауға тиіспіз. Осыған орай ЕО-ға виза қажет елдерге маусымның 1-інен бастап Түркияның визалық режим енгізу жоспары туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», — делінген хабарламада.