Өскеменде жалақы алмаған құрылысшылар шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде жалақы алмаған құрылысшылар шу шығарды

Өскеменде жалақы алмаған құрылысшылар шу шығарды

Жалақысыз жарты жыл! Өскеменде мектеп салған 50-ге тарта жұмысшы тамыз айынан бері еңбекақыларын ала алмай жүр. Компанияның құрылысшыларына берешегі 27 миллион теңгеден асып кеткен. Құрылысшылар үйінде ішіп-жемнен қысылып, балаларына киім-кешек те әпере алмай отыр. Ал мердігерлер жұмысты уақытында бітірмеген, сапасыз істеген деп міз бағар емес.

  • 12 Қаңтар 2016
  • 237
Фото - Caravan.kz

Жасы бар, жасамысы бар, жалақысын сұраған мына жұрт өздерінің жұмыс орны болған мектепке күнде келеді. Сонау тамыздан бері көк тиын көрмеген құрылысшылар қыстың көзі қырауда әбден тарығып, тіпті жалдап отырған пәтерінен айырылуға шақ қалған.

Василий Блинов, жұмысшы:

-Тамыздан  бастап  тиын да көрген жоқпыз, түк те көрген жоқпыз. Балаларды оқытайық десек, киіндірейік десек, тіпті балаға киімге таба алмай, ана жақта «шабашка», мына жақта «шабашка», сонымен күн көріп жүрміз. Кредит алып тастадық бәріміз. Енді соны төлей алмай, жүрміз. Бәріміздің артымыздан кредиторлар жүгіріп жүр.

Құр отырмай, қарекет қып тиісті орындарға арыз жазса, онысынан түк шықпапты. Тіршіліктен тарығып, жаны қиналған кезде жағдайын түсініп, төбе көрсетпеген мекеме басшылығына олар қатты қапалы.

Жәнібек Тоқтасынов, жұмысшы:

-Енді біз ол кісілерге қағаз жүзінде де жаздық. Ары қарай енді ақшамызды алмасақ. Өйткені, қанша халық тұр біздің артымызда. 

Ал бас мердігер болса жұмыстың уақытылы әрі сапалы орындалмағанын айтады. Салдарынан тапсырыс беруші оларды сотқа бергелі жатыр екен. Сондықтан ақша тек сот шешімінен кейін ғана болмақ.

Қайролла Ыдырысов, «АКМ-Жол» ШҚФ директоры:

Қандай да бір бөлігін төлейміз. Сот арқылы біз де олардың айыппұл санкцияларын алып тастауға тырысамыз.

Ақша болмаған соң құрылыс материалдары да таусылыпты. Сөйтіп, спорт және акт залдарының құрылысы сол күйі аяқсыз қалған. Енді соның кесірінен оқушылар да жаңа мектепке бара алмай отыр.