Айта кету керек, бүгін таңға жуық қалада қар жауа бастады. Қаланың таулы аймақтарында түскен қардың биіктігі 15-20 см-ге жетті.
«Сұйық ерітіндімен қамтылған құмсепкіш көліктер жолда ылғалданған реагент гранулаларын тегіс төсеп өтіп жатыр. Мұндай төсеме көліктердің дөңгелегінен шашырамайды. Осындай көлікпен бұрынғыдан бес есе артық аймақты тазалап шығуға болады. Құм-хлоридті қосындының бірнеше есе аз жұмсалатынын ескерсек, бұл қоршаған ортаға кері әсерін де азайта түседі», — деді қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасынан.
Қазір тротуар маңындағы қарды 65 трактор тазалап жатыр. Бұл жұмысқа сондай-ақ, 585 адам жұмылдырылған.
Құмсепкіш көліктер арқылы 1895 тонна құм-хлорид қосындысы мен 91 тонна техникалық тұз себілді.