Талдықорғанда Дінмұхамед Қонаевты еске алу шарасы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда Дінмұхамед Қонаевты еске алу шарасы өтті

Талдықорғанда Дінмұхамед Қонаевты еске алу шарасы өтті

Талдықорғанда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Компартия ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне арналған салтанатты митингі өтті.

  • 12 Қаңтар 2016
  • 449
Фото - Caravan.kz


Шара Димаш Ахметов ескерткішінің маңында өтті. Мұнда таңертең ерте ардагерлер ұйымдары және ғылыми қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ өз дәуірінің көрнекті тұлғасын еске алмақ ниетте бірқатар қала жұртшылығы жиналды.

Дінмұхамед Қонаев атындағы облыстық қор төрағасы Қадыржан Жексенов   Қонаевтың Кеңес кезеңіндегі Қазақстанның дамуына қосқан үлесіне тоқталды.

«Дінмұхамед Қонаев — өз елінің адал перзенті. Оның басқаруымен Қазақстан кеңес дәуірінде гүлденіп, үлкен биіктерге қол жеткізді. Оның орасан еңбегі ерліктің нышанындай баршамызға үлгі болып келеді. Ол біздің есімізде солай сақталды», — деді Қадыржан Жексенов.
null
null