Жамбыл облысында қатты жел пойыздар қозғалысына кедергі жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында қатты жел пойыздар қозғалысына кедергі жасады

Жамбыл облысында қатты жел пойыздар қозғалысына кедергі жасады

Теміржолдың Жамбыл бөлімшесінде электр энергиясы өшіп қалуы тіркелді, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

  • 12 Қаңтар 2016
  • 505
Фото - Caravan.kz

«Мойынқұм ауданында № 6 бекет Хантау — Қияқты жылдамдықпен өту межесінің  аралығының 1433 шақырымда жел жылдамдығының 10 м/с — 15 м/с жетуі салдарынан теміржолдың Жамбыл бөлімшесіне тиесілі 7 электр бағанасына зақым келді. Салдарынан Хантау және Қияқты стансалары арасында электр энергиясы өшіп, сол себепті №55 «Қызылорда-Көкшетау» және №303 «Свердловск-Алматы» жолаушылар пойыздары кешіктірілді», делінген хабарламада.

Қазір электр энергиясы беріліп, екі бағыттағы пойыздар қозғалысы қалпына келтірілген.


Ал, басқа да қалпына келтіру-жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.