Петропавлдық ұры қолды қылған телефонымен селфи жасаймын деп ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдық ұры қолды қылған телефонымен селфи жасаймын деп ұсталды

Петропавлдық ұры қолды қылған телефонымен селфи жасаймын деп ұсталды

Ол жетпіске таяп қалған жалғызбасты әжейді ұрып соғып, ақшасы мен телефонын алып кеткен.

  • 13 Қаңтар 2016
  • 151
Фото - Caravan.kz

Қаскөйден зәбір көрген кейуана көршілеріне барып көмек сұраған. Күдікті  араға бірнеше сағат салып ұсталды. Қызылжар ауданының 55 жастағы тұрғыны облыстық туберкулезге қарсы диспансерде есепте тұр екен. Одан тәркіленген телефоннан иесінің суреттерімен бірге ұрының да суреті шықты. Осындай бұлтарпас айғақпен өкпесі науқас қарақшы абақтыға аттанбақ. Ал жәбірленуші заттарының қайтқанына қуанып отыр.

-Маған «ұрыны ұстадық» деп хабарлағанда қатты қуандым. Өзін  жазбай таныдым, ұрып соғып, зәремді алған еді.